oC

Эмоция

Эмоция – өмірді сезінуге, адамдарды түсінуге, өзімізді түсінуге, өзгені түсінуге керек психикалық процесс. Адам эмоциясыз өмір сүре алмайды.

Өмір сүру – сезіну, адам эмоциядан ешқайда қашып құтыла алмайды. Ол өмірді түрлі реңге бояп, оны түсінуге көмектеседі.

Әлемде қанша адам болса, сонша әртүрлілік бар. Дегенмен біз бір-бірімізден айырмашылығымыз көп болғанымен, эмоцияларымыз бірдей. Сезінудің бар түрі әдемі:қорқу, ашулану, жек көру, таңғалу, мұңаю, жиіркену, шаттану, марқаю... Орнымен уақытында қолдана алсаңыз,бізден мықты жан болмасы анық!Осы маңызды эмоциялар өзгеру арқылы, біз әртүрлі күйге еніп, өзімізді басқаруға үйренеміз!