Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінде 29 қазан күні «Білімнің биік асуы – математика» атты апталық аясында 7 «А» сыныбында математика және информатика пәндерінен кіріктірлген ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессордағы кестелер. Көпмүшелерді қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:Мәтіндік процессордағы кестелерге көпмүшелерді жаза отырып қосу және азайту амалдарын орындау.
Кіріктірілген сабақтар пәндердің өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат бере отырып, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады.
️«Пәнаралық іскерлік» ұғымы былай тұжырымдалады. Оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайды.
Теориялық білім мен іс-тәжірибенің ұштастырып байланыстырылып берілуі нәтижелі болатындығы айқын
{gallery}neww-22{/gallery}
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде 30 қазан күні «Білім биік асуы – математика» атты апталық аясында 6 «Ә» сыныбында математика пәні мұғалімі Онбаева Жазира «Теріс сандарды қосу.Таңбалары әртүрлі сандарды қосу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Теріс сандарды қосудың ережесін қолданып, теріс сандарды қосуды біледі.Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосудың ережесін біледі.Оқушылар оң және теріс сандарды салыстыруды біледі.Таңбалары бірдей рационал сандарды қосуды біледі.
Сабақ барысында оқушылар топтарға бөлініп, «Сұрақтар айдарында» бір-біріне сұрақ қою арқылы тақырыпты кеңінен аша білді. Топтық жұмыста берілген есептерді тиянақты орындап, тақтаға жазып бір-біріне түсіндірді.
{gallery}neww-23{/gallery}



