oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/neww-20
JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/neww-21
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/neww-20
There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/neww-21

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫМ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БЕКІТКЕН 10 ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ

"Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы;

"Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасы;

"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасын басшылыққа алып өткізілген шара

"ЗИЯТКЕР, ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІС - ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ

Бүгін, ғылыми-зерттеу орталығында қолданылатын шығармашылық, жобалық іс-шаралардағы дарынды балалардың қызығушылығына негізделген жұмыстарын көрсету мақсатында 3 бөлімнен құралған шара өтті. Дарынды оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін және оларға білім беру мотивациясын дамыта отырып, жоғарылатылған талаптар деңгейінде жұмыс істеуге мүмкіндік беру мақсатында венчур әдісі арқылы #метеорология алаңы жасақталған болатын. Осы алаңда Қорқыт ата атындағы университеттің ғалымдарымен бірлесе жұмыстар жасалып келеді. Мектеп оқушысы, ғылыми жетекшісі Қосанов Самалбек Оразбайұлы және әлеуметтік серіктес мекеме Қызылорда облысы бойынша #Қазгидромет филиалымен бірлескен эксперимент-тәжірибе көрсетті.

Іс—тәжірибе алаңында мектеп ұстаздарының #Жетістіктер_аллеясын және оқушылармен бірлескен #ғылыми_шығармашылық жобалар жұмыстарын таныстырды.

Мектептегі ғылыми-зерттеу бағытындағы қызмет – жаc ізденушілерді ғылымға бастайтын жол. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі қоғамның қажеттілігіне қарай қайта құрылуда. Мұғалімдер өз шәкірттеріне білімді тиянақты берудің инновациялық тәсілдерін қарастыруда. Соған сәйкес Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызының университет ғалымдарымен бірлескен #SCIENCE_FAСTORY #ғылыми_зерттеу_орталығының_ғылыми_тұжырымдамасы шығып, бүгін #SCIENCE_FAСTORY #ғылыми_зерттеу_орталығының ашылуы болды.

Республикалық ашық алаңның екінші бөлімінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы шеңберінде мектептерге «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізіліп, Бүгінгі күні мектеп кітапханалары көркем және әлем әдебиеттері, анықтамалық, оқу-әдістемелік құрал мен ғылыми-көпшілік басылымдармен жабдықталды. Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы ең маңыздысы, әлем әдебиеті мемлекеттік тілде қолжетімді болуы керек. Бұл жобаның басты мақсатының бірі – шетел әдебиетінің қазақ тілінде қолжетімді болуына мүмкіндік жасау, – деді. Осыған сәйкес «Оқуға құштар мектеп» кіші мектебінің #Оқу_сағаты, #100кітап, #Мобилді_кітапхана жобаларының «Әлем әдебиеті жақұттары» тақырыбында мектеп оқушылары жоба аясында оқыған шығармаларынан үзінді қойылымын көрсетті.

Шарамыздың келесі бөлімі

#Отбасы_кіші_мектеп жобаларына арналды. Отбасы мемлекеттің кіші бөлігі. Қазақ отбасында ата-әжесінің тәрбиесінің орны ерен. Өйткені үлкендердің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесі мен халық әндерін тыңдап өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше болып қалыптасады. Сондықтанда біз әжелерді таптырмас тәрбие мектебі дейміз. Ән мен күйді құдіреттей құрметтейтін, елдің ертеңін жасауда ерен еңбек етіп жүрген әже-ұстаздарымыздан көптің ілтипатына бөленіп жүрген #әжелер_ансамблі құрылып, әннен шашу шашты.

Бүгінгі ашық алаңға ZOOM платформасы арқылы қала мектептерінен 300 ге жуық оқушы қыз бала қатысып, осынша оқушы кезекті шебер сыныптан өмірлік азық, тәлім мен тәрбие алды. Кезекті бөлімде ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы онлайн қосылып, сөз сөйледі.

Отбасылық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиелеудегі , ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу мақсатында Отбасы штабы құрылып, жыл бойы ауқымды жұмыстар атқарды. Қоғамның белді тұлғаларымен, көп балалы аналар мен ақ жаулықты әжелердің қатысуымен бірнеше ашық алаңдар, дөңгелек үстелдер кездесулер мен шебер сыныптар өтті. Осы жұмыстардың сәтті нәтижесі ретінде «Отбасы мектеп» штабының #авторлық_бағдарламасы жарық көріп, бүгін кітап авторлары Қаламқас Арыстанқызы және Рахима Қаржаубайқызымен бірге тұсаукесерін жасадым.

Қазақ үшін шаңырақ – қай кезде де киелі ұғым, қастерлі түсінік. Біздің қоғамда отбасы руһани және мәдени дәстүрдің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болып табылады. Осы орайда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Ахметова Рахима Қаржаубайқызының "Отбасы-қоғамның тірегі" тақырыбындағы #шебер_сыныбын өткізіп, оқушы қыздарға тәлімді әңгімелерімен бөлісті.

Әр оқушы жарық жұлдыз. Оның жарқырауына ұстаздың ықпалы зор. Оқушының ішкі сырын түсіну, жүрегіне жол табу, ынтымақтастық орнату, оқушы пікіріне назарға ала отырып білім сапасын көтеру, оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында мектебімізде #Оқушы_үні жобасы жүйелі жұмыс жасауда. Мектеп ұстазы Қыздаркүл Қожанқызына «Оқушы үні» жобасы аясындағы атқарылған жұмыстармен таныстырып, келген қонақтарға тәжірибесімен бөлісті.

Биылғы оқу жылында Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы мектеп театры жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын. Осыған сәйкес мектеп қабырғасындағы оқушылардың бейіні мен талантына қарай іріктеліп #Ғажайып_театр деп аталатын қуыршақ театры құрылды. Шара соңында көпшілік Шарль Пероның «Қызыл телпек» шығармасы желісімен оқушылар орындауындағы қуыршақ театрын тамашалап тарқасты.  

 

{gallery}neww-20{/gallery} 

Күліп жүріп бар жұмысты тындыратын нағыз команда

 

{gallery}neww-21{/gallery}