oC

Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмыстарының негізінде тек қана білім берумен шектеліп қоймай, сонымен қатар тәжірибелі мамандардың адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білуі де маңызды.

Омы орайда мектеп ата-аналарының қатысуымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған мәдени-ағарту және ақпараттық-насихаттау іс-шарасы өтті.

Шараға қалалық орталық емхана мамандары мен ювеналды полиция қызметкерлері қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.