12 қыркүйек күні мектебімізде 1 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Мектеп пен мектепке дейінгі ұйым арасындағы сабақтастық" атты дөңгелек үстел болып өтті.
Мақсаты: Мектепке дейінгі балалар меңгерген білім, дағды, машықтарын әрі қарай жан - жақты дамыту үшін қарым - қатынас орнату.
Кездесуге "Алтын кілт" балабақшасының тәрбиешісі Балғабаева Нұргүл және "Бүлдіршін" балабақшасының тәрбиешісі Кенебаева Мырзагүл қатысты. Тәрбиешілер бүлдіршіндердің балабақшада болған жылдардағы дағдылары, іс - әркеттері, не нәрсеге бейім екендігі жайында бөлісті.
Сынып жетекшілер оқу процесіндегі балабақшадан келген балалардың динамикасы туралы таныстырып өтті.
Мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арасында қарым - қатынасқа толы жағымды кездесу болды.




