oC

🥮Мектепте тегін тамақтандыру сапасына мониторинг

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығының 3-қосымшасы 109 тармағына сәйкес,мектеп асханасына тамақтанудың сапасын бақылау мақсатында (бракераж) комиссия мүшелері, тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардың орындалуына бақылау жүргізді.
Бракераж комиссиясы тарапынан тегін ыстық тамақты ұйымдастыру және оқушылардың тамақтану сапасына жоспарлы тексеріс жүргізілді.
Тексеру барысында:
👩‍🍳мәзірдің санитарлық талаптарға сәйкестігі,
👩‍🍳дайын тағамдардың сапасы мен дәмі,
👩‍🍳оқушыларға ұсынылу жағдайы,
👩‍🍳асхана тазалығы мен қауіпсіздігі қаралды.
Мониторинг нәтижесінде тамақтандыру процесінің талаптарға сай екендігі анықталды.
Оқушылардың дұрыс әрі сапалы тамақтануы – олардың денсаулығы мен оқу жетістіктерінің кепілі.

Бала – біздің болашағымыз! Сондықтан мектеп асханасында балаларға тек таза, сапалы әрі құнарлы тағам ұсынылуын қамтамасыз ету әрдайым басты назарда.

w

 

 

 

w